Жобалау-іздестіру жұмыстары

«BRIK» ЖШС энергетикалық нысандарды жобалау бойынша жұмыстардың толық кешенін орындайды. Біздің мамандар көп жылдық тәжірибесі және бірегей техникалық білімі бар, компанияның жобалау бөлімінің құрамында барлық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін жобалық шешімдер әзірлейді. Әрбір жобаға жеке көзқарас шығыстарды оңтайландыруға көмектеседі және жұмыстарды орындау уақытын қысқартады. Жобаны іске асырудың сараланған және оңтайлы жоспарын әзірлеу терең сараптамалық және талдамалық құзыреттерді талап ететін негізгі техникалық шешімдерді таңдау кезеңінде басталады.

Жобалау процесі құрылыс кезінде шығындарға әкеп соғуы мүмкін есептердегі тіпті ұсақ қателіктерді болдырмау үшін көптеген талаптарды, стандарттар мен нормаларды есепке алуды қамтиды
Жұмыстың сапасы инженерлік желілерді үздіксіз және сенімді пайдалануға әсер етеді, сондықтан біз ауқымды практикалық тәжірибесі мен кең білімі бар жоғары білікті мамандарды тартамыз. Электрмен жабдықтауды жобалау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген нормалар мен ережелер қатаң сақталады.

Біз мынадай жобалау жұмыстарын орындаймыз:
  • Инженерлік ізденістер
  • Инженер-жобалаушының орын алған мәселелерді шешу үшін объектіге баруы
  • Жобаның құнын көрсете отырып, клиентке коммерциялық ұсыныс беру
  • Техникалық тапсырманы жасау
  • Жобалау
  • Жобаны қажетті инстанцияларда келісу (қажет болған жағдайда)
  • Дайын шешімді тапсырыс берушіге беру
  • Авторлық қадағалау қызметін көрсету

Тізімге оралу