«ҚазТрансОйл» АҚ-ны белсенді қолдау
Біздің көптеген клиенттеріміз үшін, тіпті жабдықтардың қысқа мерзімге тоқтап қалуы да өте маңызды. Сондықтан техникалық сипаттамаларға қойылатын жоғары талаптардан басқа, проблемалар туындағанға дейін олардың алдын алу жөніндегі сервисті ұсынуға жиі сұрау салулар келіп түсуде.
Белсенді техникалық қолдау тоқтап тұру уақытын қысқарту, тұрақты жұмысты қамтамасыз ету және техникалық құралдардың қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында барлық жабдықтың жай-күйінің үздіксіз мониторингіне бағдарланған. Бұл сервис ықтимал іркілістердің алдын алуға, тиімді сервистік алдын алуды жүргізуге, Тапсырыс берушінің жабдықтарының мерзімінен бұрын істен шығу тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.
Біздің «ҚазТрансОйл» АҚ байланыс тораптарын үздіксіз энергиямен жабдықтау жабдықтарын белсенді сервистік қолдау жобамыз жақсы мысал болып табылады. Біздің мамандар үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелерін, дизель-генераторлық қондырғыларды, фотоэлектрлік станцияларды, электр энергиясының сапасын талдағыштарды және аккумуляторлық батареяларды қамтитын тәулік бойы мониторинг жүйесін сәтті енгізіп, дамытуда.
Мониторинг жүйесінде 215-тен астам ИБП, 55-тен астам дизель-генераторлық қондырғы, 30 фотоэлектрлік станция, 1920-ден астам аккумулятор батареясы және 200 электр энергиясы сапасының анализатор-аспаптары бар.
Мониторинг жабдықтың жұмыс режимінің диагностикалық көрсеткіштерін жинау арқылы жүзеге асырылады, ал алынған деректер мамандандырылған бағдарламалармен өңделеді және талданады. ServiceDesk мамандары деректердің өңделуін мұқият қадағалайды, жедел мәліметтерді, есептерді және белсенді хабарламаларды қалыптастырады. Ықтимал тәуекелдер анықталған кезде ақпарат алдын алу іс-шараларын қабылдау үшін Тапсырыс берушінің техникалық қызметінің жауапты тұлғаларына беріледі.
Проактивті техникалық қолдау қолдау көрсетілетін инфрақұрылым жұмысының тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, проблемалардың туындау қаупінің алдын алады және тиімді профилактика жүргізуге мүмкіндік береді.